Синоптиктердің болжауынша, осы аптаның соңына қарай қар қарқынды ери бастайды. Осыған облыста су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Оңтүстік өңірлерге арықтарды, су бұру арналарының көзін тазалау, инертті материалдарды дайындау және қар шығару жұмыстарымен айналысатын мобильді топтар жіберілді. Қазіргі күні бұл жұмыстарға 100-ден астам адам жұмылдырылған.
Өңірде тасқын кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Барлық қызметтер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді. Су айдындарында мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 62 учаскені қамту жоспарланған. Жанар-жағармай, инертті материалдар, шатырлар мен азық-түлік қоры дайын.