Қостанай облысында мереке күндері қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ. Қауіпсіздікті мыңға жуық тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қамтамасыз етті. Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген кестеде жұмыс істеп, өңірдегі ахуалды толық бақылауда ұстады. Дегенмен, 7 адам мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды.
Мереке күндері облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген кестеге көшірілді. Жедел басқару орталығы қаладағы жағдайды бақылауды тұрақты қамтамасыз етті. Жол сақшылары мас күйінде көлік тізгіндеген 7 азаматты ұстады. Олар 15 тәулікке қамалып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылатын болды.