Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақыттан бері жалғасып жатыр. 17 жастағы студент 17 наурыз күні индустриалды колледждің жатақханасынан шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз. Іздеуге барлық күштер жұмылдырылған - полиция, құтқарушылар мен еріктілер тәулік бойы жұмыс істеуде.
Владимир Орёл — индустриалды колледждің екінші курс студенті. Мінездемесі жақсы — сабағын жақсы оқыған, тәртіпті, - дейді оқытушылары. Ол оқу орнының жатақханасында тұрған.