Мемлекеттік аудит саласында жүргізілген ауқымды жұмыстар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл жайында сала мамандары брифингте мәлімдеді. Былтыр облыста 62 аудиттік іс-шара өткізілген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мақсатты игерілмеген 35 млрд теңге қазынаға қайтарылған. Мемлекеттік сатып алудағы заңбұзушылықтарды реттеуде де нәтиже бар.
Мемлекеттік ішкі аудит департаменті анықтаған заңсыз әрекеттердің шығын көлемі 43 млн теңгеден асады. Оның 3,5 млн теңгеге жуығы қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар. Тәртіпке бағынбаушылықты жауапты сала мамандары камералық бақылау арқылы анықтаған. Тексерістің бұл түрі веб-сайт арқылы жүргізіледі. Мақсаты – дәл осындай келеңсіз жайттардың дер кезінде алдын алып, оны болдырмау. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде қаражаттың 80 пайыздан астамы қалпына келтірілген.