Қостанайда мүлік иелері бірлестігінің кеңсесі ашылды. Ол Свобода көшесі, 98А мекенжайында орналасқан. Игі іске тұрғындардың өздері бастамашы болған.
Тұрғын үйді жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру, азаматтарға кеңес беру. Қоғамдық кеңсені ашудағы негізгі мақсат – осы, дейді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы. Бұл жертөле талай жыл қаңырап бос тұрған. Жақында алдын ала жөндеуден өтіп, тұрғындар игілігіне берілді.
Мұнда тұрғындардың маңызды кездесулерді өзкізулері үшін бар жағдай жасалған. Жергілікті халық кеңсеге келіп, уақыттарын тиімді өткізе де алады. Шахмат ойнап, кітап оқуға болады. Тіпті, домбыра да бар. Алдағы уақытта мұнда түрлі бағыттағы мәдени, әлеуметтік іс-шаралар да ұйымдастырылмақ.