Қостанайда Василий Шалабаевты еске алуға арналған облыстық шахмат турнирі өтті. Осымен 26-шы рет ұйымдастырылған жарыста облыстың барлық аудандары мен Тобыл, Қостанай қалаларынан жиналған кіл мықтылар бақтарын сынады.
Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 40-қа жуық шахматшы қатысты. Олардың ең жасы 7 жаста болса, ең үлкені – 88-де. Жарыстың басты мақсаты-облыс мықтыларын анықтап, республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу
Турнирдің басты ерекшелігі – 2000 ұпайға дейінгі рейтингісі бар спортшылар арасында ұйымдастырылуы. Бұл әлемдік деңгейдегі мықтылар ғана емес, сонымен қатар қарапайым өңір аумағынан аса алмай жүрген шахмат шеберлеріне берілген үлкен мүмкіндік.
Турнир қорытындысы бойынша ең жас қатысушы мен ардагер ойыншыға кубок табысталып, сайыс жеңімпаздарына арнайы жүлделер мен ақшалай сыйлықтар тарту етілді.