Төтенше жағдайлар департаментінің әйелдер құрамасы Өскеменде өткен қысқы чемпионаттан жеңіспен оралды. Олар сайыста үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Жарыс әйелдер мен жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша өтті. Әсіресе, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кезеңінде Қостанай облысының құрамасы көш бастады. Басты мақсат – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру.