Физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиадада Қостанай облысының озат оқушылары бес медаль жеңіп алды. 20-25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен білім бәйгесіне аймақ атынан облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанған 12 оқушы қатысқан болатын.
Олар – Қостанай, Рудный мектептерінің, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары. Оқушылар Қостанай қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 1 қола салды. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды. Бұл - Қостанй өңірінде білім беру саласына көрсетіліп жатқан қолдау мен дарынды балаларды дамыту тұрғысында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстың жемісі.