Бүгін қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап жатыр. Эфирде арнайы шығарылым. Ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін Наурыз мерекесін қостанайлықтар ерекше қарсы алды. Шаһарда таңнан бері мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Орталық алаңда этноауыл бой көтеріп, 30-дан астам ақшаңқай киіз үй тігілген.

Күн мен түнді теңестірген мерекені астықты аймақ тұрғындары биыл да думандатып тойлады. Рет-ретімен құрылған киіз үйлер, алыстан көз тартар алтыбақан, ұйымдастырылған ұлттық ойындар мен концерттік бағдарлама тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз. Ал ұлтты ұйыстырған Әз-Наурыз орталық алаңда театрландырылған көріністен басталды.