Өңірде соңғы үш жылда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі айтарлықтай артқан. Мәселен, былтыр жас буынды кәсіптік, техникалық біліммен қамту мақсатында 7 мыңға жуық грант бөлінген. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 455 орынға көп. Алайдаолар толық игерілмей жатыр. Себебі неде? Аталмыш сауал Amanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Бүгінгі күні жергілікті колледждердегі студент саны 22 мыңнан асады. Ал олардың 90 пайызға жуығы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқиды. Сала басқармасының маманы дәл осындай мәлімет ұсынды. Былтыр техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі оқу ордаларына 6721 талапкер түсіпті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Десе де, 2025 жылы 200-ден астам білім гранты игерілмеген.