Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, ел өміріндегі қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенділік танытқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды.

Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 18 наурыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғандар: Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Сейітбек Қуанышбаев, Қостанай облыстық аумақтық комиссиясының төрағасы александр Малашко, Аманат партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмағамбетов пен Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы омарғали Байғабылов,.