2026 жылы «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жастар практикасына алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет. Практикадан өту кезеңінде әрбір қатысушыға жұмыс беруші тарапынан тәлімгер бекітіледі, ол кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.