Қостанай облысындағы су қоймаларында тасқын суды қабылдауға шамамен қанша текше метр бос сыйымдылық бар? Тобыл - Торғай гидрографиялық бассейні бойынша жағдай қаншалықты бақылауда? Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандары су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету шаралары жайлы баяндады.
Қазіргі таңда Жоғарғы Тобыл су қоймасы 70 пайызға, ал Қаратомар су қоймасы 63 пайызға толған. Екі су қоймасының жалпы бос сыйымдылығы 460 миллион текше метрден асады. Бұл тасқын суларын қауіпсіз қабылдауға мүмкіндік береді.