Наурыз мейрамы күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Осы кезеңде құзырлы орган өкілдері арнайы режимге көшіп, қала аумағында тәулік бойы бақылау жүргізеді. Бұл қызметте нәзік жандылар да белсенді. Олар әріптестерімен бірге мерекелік күндердің тыныш әрі қауіпсіз өтуіне үлес қосып келеді.

Күшейтілген қызметтік режимде нәзік жанды арулар да ер азаматтармен қатар иық тіресе еңбек етуде. Солардың бірі – Кира Өтеулина. Ол полицияда 11 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында өзін жауапты әрі кәсібіне адал маман ретінде көрсете білді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күн-түн демей еңбек етіп жүр. Әсіресе, күшейтілген режим кезінде жүктелетін міндет те, жауапкершілік те арта түседі. Соған қарамастан Кира Өтеулина қызметін жоғары деңгейде атқарып, әріптестерімен бірге ел тыныштығын күзетуде.