«Құқықтық алаңы». Қостанайда осындай атаумен акция өтті. Ол тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Аталған акцияға Қостанай облысының құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері белсенді қатысты. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың мамандары, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының мүшелері, нотариаттық палатаның өкілдері, «Заңгер» заң консультанттар палатасы және жеке сот орындаушылары да тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті.
Іс-шара барысында азаматтар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Атап айтқанда, тұрғындар еңбек қатынастары, әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй, алимент өндіру, қарыз міндеттемелері және басқа да құқықтық сұрақтар төңірегінде нақты жауаптар алды.