Қостанайлық тұрғындар елдің басты заңын жаңартуды бірауыздан қолдайтындарын жеткізіп жатыр. Олар Конституция жобасына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын ерекше атап өтті. Айта кетейік, облыста дауыс берушілер үшін мәдени-көпшілік іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Бұл бастамалар азаматтардың белсенділігін арттыруға оң септігін тигізуде, дейді учаскелік комиссия мүшелері.
Қостанай облысында 717 учаске жұмыс істеп тұрғанын айттық. Солардың 100-і Қостанай қаласында ашылды. Біз дәл қазір солардың бірінде тұрмыз. Дәл қазір Жастар сарайы ғимаратында дауыс берушілер үшін дәм ұсынылып, кәуәп жасалып жатыр. Сондай-ақ, дәстүрлі әндер де шырқалуда. Ал референдум учаскесінің ішінде өнер адамдары дауыс берушілерге қолдау білдірді.