Қостанай қаласындағы №18 референдум учаскесінде ерекше оқиға болды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата тұрғындармен кездесіп, дәстүрлі бата беріп, кейін өзі де дауыс беруге қатысты. Қыдыр атаның келуі учаскеге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұған тілшіміз Бейбіт Нұрмұханов куә болды, қазір өзі айтып берсін. Бейбіт, тікелей эфирдесің.