Жүз жасаған қария да референдумда дауыс берді. Бұл айтулы оқиға елдегі саяси науқанның ашықтығы мен халықтың, соның ішінде егде жастағы өкілдерінің белсенділігін көрсетеді. Мұндай қадамдар ұрпақтар сабақтастығы мен жауапкершіліктің жоғары деңгейін айғақтайды.

Ел өміріндегі елеулі оқиғадан егде жастағылардың да еш қалыс қалғысы жоқ. Осы ретте жүз жасаған жерлесіміз, ғасырлық ғибратты ғұмыр иесі, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері, абыз ақсақлыымыз – Қасымхан Алдабергенов те өз таңдауын жасады. Ол үшін комиссия мүшелері ақсақалдың мекен жайына бюллетень жәшігін арнайы әкеп, таңдау жасатты. Ақсақалдың дауыс беруі – ел болашағына сенімнің, азаматтық белсенділіктің және даналықтың көрінісі. Жасына қарамастан ел өміріне бей-жай қарамай, өз таңдауын білдіруі жастар үшін отансүйгіштік пен жауапкершіліктің үлгісі болып саналады.