Облыстың оңтүстік өңірлерінде де саяси науқан қызу өтіп жатыр. Амангелді ауданында бірнеше референдум учаскелері жұмыс істеуде. Ауылдың ақсақалдары мен жас буын өкілдері белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр

Аудандық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан референдум учаскесінде жергілікті өнерпаздар әнмен шашу шашты. Ал ауданның құрметті азаматы сексен жастағы Жеңіс ата ел үшін жасалып жатқан маңызды бастамаларға әрдайым қолдау білдіреді. Бұл жолы да референдум учаскесіне ерте келіп, өз таңдауын жасады.