Қостанайда журналистер арасында шаңғы жарысы өтті. Ол, танымал тілші Анатолий Гавриловты еске алуға арналды. Айта кетейік, мұндай спорттық шара «Қостанай» телеарнасының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет жалауын желбіретті. 

Шаңғы жарысынан КСРО спорт шебері, Қазақстанның құрметті журналисі Анатолий Леонтьевич Гаврилов 1980-ші жылдардан бастап Орталық және республикалық телеарнаның Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. 1998 жылдан Қостанай облыстық телерадиокомпаниясында бас редактор болды. «Спортивная орбита», «3-ий тайм» спорттық бағдарламаларын жүргізген.