Лев Толстой атындағы кітапхана қабырғасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті. Көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары, кітапхана оқырмандары мен қонақтар жиналды. Мерекелік бағдарлама барысында сахна төрінде әсем әуендер шырқалып, аналар мен аруларға арналған жүрекжарды құттықтаулар айтылды.
Мерекелік бағдарламаны 15 жыл бойы шығармашылық пен әуесқой өнер иелерінен құралған "Достар кездесуі" музыкалық тобы әзірлеген. Осы уақыт аралығында топ көптеген өнерпазбен тыңдарманның басын қосып, ерекше мәдени орта қалыптастырды.