Ел тағдырына Қазақстан республикасының әр азаматы жауапты. Сондықтан жаңа Ата заң жобасының мәтінімен толық танысып, әркім өз таңдауын жасауы тиіс.

Қостанайдағы өңірлік коалиция мүшелері жастарды осылай деп барынша белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ депутаттар жиынға қатысқан Жоғары оқу орнының ұжымына да басты құжаттың жаңа тұстарын жан-жақты түсіндірді. Оқытушылар Конституцияға білім мен ғылымға қатысты жеке баптардың енуі, салаға айтарлықтай тың серпіліс береріне сенім білдірді.