• Қазір облысымызда көру қабілеті нашарлаған балалардың саны артып келеді. Қалалық офтальмологиялық көпсалалы ауруханасының мамандары осылай дейді. Статистиканың артуына не себеп? Алдын алу үшін нендей әрекет жасау керек?
  • Бүгінде ата-аналардың уайымына айналған мәселелердің бірі - жасөспірімдердің көру қабілетінің нашарлауы. Оған әрине, ең бірінші экран алдында ұзақ отыру себеп болады. Кей аналардың сөзінше, дерт балаңыздың бойында дендемеуі үшін алдын-ала тексерістен өткен абзал.
  • Жыл басынан бері дәрігер қабылдауында 500-ге жуық бала мен жасөспірім болған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама жоғары. Демек, уақытылы әрі дұрыс ем қабылданбаса қос жанардағы ауру деңгейі арта береді.