Жыл басынан бері «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы облыс тұрғындарына 4000-нан астам қызмет көрсетілген. Республика бойынша бұл көрсеткіш 111 000-нан асты. Аталған жүйе қалай жұмыс істейді?

Қостанай облысында 29 000-нан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Бұл жандарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Техникалық оңалту жабдықтарын, мамандандырылған қызметтерді тегін алуға, арнайы емдеуді және қосымша қолдау шараларына құқылы. Бұл қызметтерге «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қол жеткізуге болады.