Меңдіқара ауданында ауыл мектебі карантинге жабылды. Облыстық білім беру басқармасының мәлеметінше, ондағы асхана қызметкері бұрын туберкулез жұқтырған болып шықты.
Оған қоса жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталған. Мектепте бір мен он бірінші сынып аралығында барлығы 268 бала білім алады. Қауіпсіздік шараларына байланысты енді олар уақытша онлайн форматқа көшті. Қазір ғимарат іші толық дезинфекцияланып жатыр.