Эпизоотиялық ахуал облыс аумағында тұрақты. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар бекітілген. Осы жылы шамамен 6,8 миллион профилактикалық ветеринариялық шара жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар өңірдегі эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын сақтауға бағытталған.
Аталған 6.8 миллион ішінде диагностика бағыты бойынша 1 миллионнан астам манипуляция қарастырылған. Ал профилактика бойынша 5,7 миллионнан астам манипуляция жүзеге асырылады. Құстардың жоғары патогенді тұмауының алдын алу үшін 783 100 бас құсқа вакцинация және ревакцинация қарастырылған. Іс-шаралар көктемгі наурыз-мамыр және күзгі тамыз-қараша кезеңдерге енгізілген.