Елдегі эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай нашарлаған. Қостанай облысында жыл басынан бері 214 адам қызылша жұқтырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Науқастардың басым бөлігі - вакцина алмаған балалар. Қызылшаны желшешек немесе қызамық сияқты бізге таныс аурулармен салыстыруға болмайды. Қызылша әлдеқайда қауіпті, деп дәрігерлер дабыл қағып жатыр.