Соңғы уақытта мектеп оқушылары арасында семіздік өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Мамандардың айтуынша, артық салмақ балалардың денсаулығына орасан қауіп төндіреді. Дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығы бұл проблеманы одан сайын ушықтыруда. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде балалардың тамақтану сапасына ерекше назар аударылуда
Ұлттық зерттеулер мәліметіне сүйенсек, бес пен тоғыз жас аралығындағы балалардың 23 пайызы артық салмаққа ие. Мамандар мәліметінше, семіздік жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырып, түрлі асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін. Дәрігерлер бұл дұрыс тамақтанбаудың салдары дабыл қағып отыр.