Қостанайда көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аймақтың алтын аналары мен аяулы аруларын ардақтаған мерекелік жиынға облыс әкімі қатысып, қыз-келіншектерге жүрекжарды лебізін білдірді. Көктем лебін ала келген бұл мереке – мейірім мен жылылықтың, ізгілік пен сұлулықтың символы. Сол себепті бүгінгі салтанатты кеште әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі, отбасы мен ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталып өтті.

Салтанатты басқосуда сөз алған өңір басшысы аналардың ақ пейілі мен әйелдердің еңбекқорлығы әрбір шаңырақтың берекесі ғана емес, тұтас қоғамның тірегі екенін атап өтті. Ол түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге алғыс айтып, өңір дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматшаларды марапаттады.