Жаңа Ата Заң жобасы ауқымды интерактивті телекөпір арқылы талқыланды. Елдегі ірі телекоммуникациялық оператор қызметкерлеріне осындай мүмкіндік жасады. Жаңа Конституция жобасында жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктері, азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты нормалар енгізілді. Сондай-ақ хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу және банк салымдарының құпиясы да конституциялық деңгейде қорғалмақ. Ұйымдастырушылар жаңа Конституция құқықтық сауаттылықты арттыруға, инновациялық тұрғыда дамуға әрі цифрлық қоғам қалыптастыруға жол ашатынына сенеді.