Қостанай ауданында жаңа өрт сөндіру депосы салынып жатыр. Бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, нысан іске қосылғаннан кейін жақын маңдағы елді мекендердің қауіпсіздігі артып, құтқарушылардың оқиға орнына жету уақыты айтарлықтай қысқарады.
Құрылысы биыл қаңтар айында басталған ғимаратты мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазір жұмыстардың шамамен 30 пайызы аяқталып, негізгі құрылымдарды тұрғызу кезеңі жалғасуда. Ауданда әзірге бір ғана өрт сөндіру бөлімі бар. Халқы жыл сайын көбейіп, аумағы кеңейіп келе жатқан аудан үшін ол жеткіліксіз.