Өңірдің экономикалық дамуы – елдегі саяси және қоғамдық реформалармен тығыз байланысты. Соның бірі – Конституциялық референдум. Бұл бастама мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртып, экономиканың дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашады. Ал салалараралық диалог бұл үрдістің тиімді жүзеге асуына негіз болады.

Өңірдің тұрақты дамуының басты тетігі – салааралық диалог. Бүгінде ауыл шаруашылығы мен көлік жасау салаларының өзара байланысы отандық ауыл шаруашылығы техникасына сұранысты арттырып отыр. Өнеркәсіп пен логистика арасындағы тиімді ынтымақтастық өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға жол ашуда. Ал білім беру мен өндіріс арасындағы әріптестік білікті кадрлар даярлаудың берік негізін қалыптастырып келеді