Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдайды. Бүгін EXPO конгресс-орталығы алаңында өткен кездесуде елдің барлық өңірінен жиналған мыңға жуық әйел Ата Заң жобасы қоғамның негізгі сұраныстарына жауап береді деген ортақ пікір білдірді. Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтті. Мәжілісі спикеріінң айтуынша, жаңа құжатта отбасы институтын қорғау, неке ұғымын ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекіту, ана мен баланы қолдау тетіктерін күшейту нақты көрініс тапқан. Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтай отырып, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыратынын жеткізді.