Жангелдин ауданында көпфункционалды жабық хоккей корты ашылып, жергілікті тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асқан. Енді ауыл жастары мен спорт сүйер қауым қысқы спорт түрлерімен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады. Жаңа нысан бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.

Жангелдин ауданының Торғай ауылында жаңа жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Нысан 2023 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігерге тапсырылып, жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 232 миллион теңге бөлінген.