Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы бастау алды. Бұл бастама азаматтарға қолжетімді баспана алу мүмкіндігін ұсынуға бағытталған. Бағдарлама аясында тұрғын үй алуға ниетті азаматтар жеңілдетілген шарттармен ипотека рәсімдей алады. Қатысу талаптары мен іріктеу тәртібі туралы толығырақ тілшіміз баяндайды.
Үшінші жыл қатарынан Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылып отыр. Биыл өтінім қабылдау 10 наурыз бен 31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама азаматтарға жаңа тұрғын үйді қолжетімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді. Өтінімдер арнайы электронды платформа арқылы қабылданып, қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес іріктеледі.