Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беру туралы тапсырмасын орындау аясында Қостанай облысы әкімдігінің резиденциясы психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған оңалту орталығына бейімделген болатын. Кешен 60 орынға лайықталған. Өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген орталықтың жұмысымен өңір басшысы танысты.
Оңалту орталығында негізінен жүре алмайтын, психоневрологиялық және ДЦП диагнозы бар балалар емделе алады. Бұрын науқастар тек шетелге шығып ем іздейтін. Ал, қазір бұл қызметті өзімізде де көрсете алатын техникалар бар дейді мамандар