Облыс орталығында қазақ руханиятының асыл мұрасын дәріптеуге арналған «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын насихаттауға бағытталған бұл жарыс осымен төрт жыл қатарынан дарынды жастардың басын қосып келеді.

Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдау, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және Шәкәрім мұрасын терең меңгеруге жол ашу. Облыстық кезеңге аудан-қалалардан іріктеліп келген 17 оқушы қатысып, үш бағыт бойынша бақ сынасты. Олар ақын өлеңдерін жатқа оқу, шығармаларын талдау, сондай-ақ тест тапсыру кезеңдері ұйымдастырылды.