Артық салмақ - тек сыртқы келбет мәселесі емес, ол денсаулыққа төнген үлкен қауіп. Деректерге сәйкес, жер бетіндегі әрбір бесінші ересек пен жасөспірім артық салмақтан зардап шегуде. Қостанай қалалық нөмірі екінші емханада дүниежүзілік семіздік күніне арналған ашық есік күні өтті. Келушілердің қан құрамындағы қант мөлшері, холестерин деңгейі, қан қысымы тексерілді. Толығырақ тілші тарқатсын.
Қант көрсеткіші – 3,8. Қан қысымы қалыпты. Бұл – Татьяна Солодникованың бүгінгі талдама нәтижелері. Зейнеткер қант диабетімен ауырады, сондықтан денсаулығын үнемі бақылауда ұстайды. Бүгін ол емханаға жолдама алуға келіп, ашық есік күніне тап болды. Кезек күтпей-ақ қажетті тексерулерден өту мүмкіндігіне ие болды.