2 млн-ға дейін айыппұл. Қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда тіпті бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулер. 

Қабылданған түзетулерге сәйкес, енді медицина қызметкерлерін қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабымен қарастырылады. Бұл шара медицина саласындағы кадр тапшылығын азайтып, мамандардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп күтілуде. Нәтижесінде, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы арта түспек.