Осыдан екі жыл бұрын облыстың бірнеше елді мекенін су басып, қаншама халық зардап шеккенін тобылдықтар ұмытқан жоқ. Сол кезде мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіліп, бұл күні еңсесі қайта көтерілген ел дегенмен көктемді үрейлене күтеді. Бетін аулақ қылсын, табиғи апат биыл да айтпай тағы келмесіне кім кепіл? Сондықтан, өңірде қам-қарекет осы бастан қолға алынды. Тәуекелдерді азайту үшін жергілікті билік Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, су тасқынына қарсы кешенді шаралар қабылдауда.

Қарасу су тасқыны қаупі жоғары аумақтардың қатарына кіреді. Аудан «қызыл аймақта» орналасқан. Мұнда жалпы саны 16 елді мекенге қызыл судың келуі жайлы болжам бар. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар төтеншеліктермен бірлесіп, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.