Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін. Жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық құжат. Яғни қоғамның барлық саласы қамтылған. Коалиция мүшелері облыстық аурухана дәрігерлерімен кездесті. Ашық диалог алаңында жаңа Ата заңдағы өзгерістер түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституциядағы өзгерістерге тоқталды. Онда адам мүддесі, әділдік пен жауапкершілік, заңдылық принциптерін дамытуға көңіл бөлінгенін атап өтті. Міндет мүддесі туралы айтып берді.