Алдағы референдум барысын «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалциясы да бақылмақ. 190 үкіметтік емес ұйымның басын біріктірген коалиция құрамында 18 мыңдай байқаушы бар.

Олардың 67 пайызы бұған дейінгі саяси науқандарда жұмыс істеген. Қазіргі күні коалцияның өңірлік штабтары ашылып, байқаушылар арнайы оқудан өтіп жатыр. Қоғамдық ұйым 9700-ден астам референдум учаскесін қамтымақ. Әсіресе, облыс орталықтарындағы учаскелер назарға алынбақ. Топ жетекшісі, "басты мақсат - дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету" дейді.