Ол ауылда өскен қазақтың қарапайым қызы. Механизатордан көрнекті қоғам қайраткеріне дейінгі биік белеске көтерілді. Елі үшін талмай еңбектеніп, туған өлкесінің өркендеуіне үлес қосты. Әңгіме, Кәмшат Дөненбава жайлы. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай орыс драма театры «Біздің Кәмшат» қойылымын сахналады.
Сахна безендірілуі барынша қарапайым. Қойылымда небәрі екі орындық пен үстел қойылған, ал үстел үстінде ондаған қағаз ұшақтар тізіліп тұр. Алайда осы шағын детальдардың өзі терең мазмұнды астарлайды. Қағаз ұшақтар – бір жағынан, Кәмшат Дөненбаева тізгіндеген трактордың символы болса, екінші жағынан, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен ағылған хаттардың белгісі.