Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясынің солисі Гүлбану Абдулина 35 жылдық шығармашылық мерейтойын атап өтті.
Гүлбану Абдулина - есімі елге кеңінен танымал өнер иесі. Жақындары, әріптестері мен өнерін бағалайтын тыңдармандарының ортасында әнші шығармашылық жолының 35 жылдығын атап өтті. Оның үні — көпшілікке таныс әрі жылдар бойы өңір мәдениетінің ғана емес, тұтас ел өнерінің бір бөлшегіне айналды. Осы уақыт ішінде әнші тыңдармандардың бірнеше буынын тәрбиелеп, шынайы өнердің символына айналды.