Референдум өтетін күні, яғни 15-ші наурызда Қостанайда қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгертіледі. Қалалық әкімдіктен хабарланғандай

облыс орталығында таңғы сағат 07:00-ден 13:00-ге дейін қалалық автобустарда жол жүру тегін болады. Сонымен қатар, 21 және 22 наурызда, негізгі мерекелік іс-шаралар өтетін күндері қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылады. Соңғы автобустар соңғы аялдамалардан әдеттегі 22:00 орнына 23:00-ге дейін жүреді.