Тақырыпты жалғастырсақ. Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінде де су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауылдық округте техника тексеріліп, күмәнді аумақтар мен су басу қаупі бар учаскелерде бақылау күшейтілген. Негізгі мақсат - көктемгі кезеңді оқыс оқиғасыз өткізу және тұрақтылықты сақтау.

Ауылдық округ өзен арнасынан алыс, ал елді мекен биікте орналасқан. Сондықтан су тасқыны қаупі жоқ. Дегенмен жергілікті билік алдын ала шара қолдануда. Яғни су өткізгіш құбырлар тексеріліп, проблемалық учаскелер бекітіліп, жағдай тұрақты бақылауа алынған. Мұндай кешенді тәсіл тасқын тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.