«Ақ кенеп. Бірлік ізімен». Қостанайда осындай атаумен театрландырылған қойылым сахналанды. Оған «Ассамблея жастары» бастамашы болды. Достықты дәріптеген кейінгі буын өкілдеріне облыстың шығармашылық ұжымдары да қолдау білдіріп, шара мерекелік концертке ұласты.
Негізгі ой – ата-бабалардың қоныс аудару тарихы арқылы ел бірлігі мен өзара қолдаудың мызғымас құндылық екенін көрсету дейді жас әртістер. Театрландырылған қойылым бір жарым ай бойы дайындалған. Сахнада 13 актер өнер көрсетті. Әрқайсысының өз рөлі ғана емес, ортақ оқиғаға арқау болған жеке отбасылық тарихы бар.