Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған қостанайлық Тобыл футбол клубын жанкүйерлер арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада ерекше ықыласпен қарсы алды. Маусымашар кездесуде алматылық Қайрат командасын пенальти сериясында тізе бүктірген қостанайлық ұжым ел сенімін ақтап, жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады. Жерлестерімізді жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды.

Салтанатты шарада жанкүйерлер мен команда бір алаңда бас қосты. Іс-шара барысында клубтың жеңісті жолы көрсетіліп, матчтың жарқын сәттері экраннан қайта ұсынылды. Сахна төріне көтерілген футболшылар мен бапкерлер құрамы жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.