Мән- мазмұны жағынан Жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық құжат. Яғни қоғамның барлық саласы қамтылған. Сондықтан да ашық талқылауға шығарылып, түрлі ұсыныс пен пікір айтылды. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері шығысқа барып, Жаңа Конституцияны талқылады. Коалиция құрамындағы депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар өңірдегі бірнеше кездесу өткізіп Ата Заңның әр бабын түсіндірді.