Қостанайда референдумға дайындық қызу жүріп жатыр. Егер дауыс беру күні жолға шығуға мәжбүр болсаңыз, тіркеу куәлігін алдын ала алып қойған дұрыс. Оны өз учаскеңізден ала аласыз, ал дауыс беруді елдің кез келген өңірінде жүзеге асыруға болады. Куәліктерді беру 27 ақпанда басталды және Референдум күніне дейін жалғасады.